Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қызылсай ауылдық мәдениет үйінде Қызылсай және Қарақұдық ауыл мектеп оқушылары, ауыл ақсақалдары және мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді.
Мәдениет үйінде өткен келелі кездесу имандылық тәрбие жайында өрбіді. Өкіл имам С.Сейтбеков оқушыларға дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтып, уағыз барысында оқушыларға Алла құзырында күнә болып табылатын жаман әдетерден аулақ болуға шақырды. Мәселен, арақ-шарап ішу, темекі тарту, өтірік айту, жалған сөйлеу секілді жаман қылықтардың күнәсі жайында айтып өтті. Сонымен қатар ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда абай болу керектігін ескертіп, тек Діни басқарма имамдарының уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
3167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру