Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қалалық, аудандық мешіт имамдарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды.
Бір күнге созылған мәжілісте бірқатар аудан, қала имамдарының есебінің нәтижесінде оң баға берілсе, ал кейбір жұмысы нашар аудандарға ескерту берілді.
Жалпы жыл бойы өзге аудандарға үлгі болған Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Б.Абдурахманов, Төлеби ауданы «Нұр» мешітінің имамы С.Анарбаев, Абай ауданы «Қождан ата» мешітінің имамы Д.Желеуов және Шымкент қаласы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің имамы Б.Қымбатовтарға өте жақсы деген баға берілді.
Ал Мақтарал ауданы Шардара, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары жақсы нәтиже көрсеткен болса, Қазығұрт, Сарыағаш, Сайрам аудардарына орта деген баға берілді. Сонымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Түлкібас, Ордабасы аудандарына жұмысты ширату туралы ескерту берілді.
Жалпы жылдық жұмысты қорыта санағанда мына бағытта өрбіген. Соның бірқатарына тоқталуды жөн санаймыз. Қайырымдылық шаралар бойынша Рамазан айында 3558, Құрбан айтта 4009 көпбалалы отбасыларға қаржылай және азық-түлік, ет өнімдері түрінде көмек көрсетілген, 1 маусым – дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Балаларға базарлық» шарасы аясында 580 мың дана ойыншық бүлдіршіндерге тегін үлестірілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен «Мектепке жол» қайрымдылық шарасының аясында облыс көлеміндегі 1572 оқушыға көмек берілді. Жалпы сомма 7805100 (жеті миллион сегіз жүз бес мың бір жүз) теңгені құрады.
Бас мүфти хазрет ұйытқы болған “Ағаш-ел дәулеті, жер сәулеті” атты шарасында 36 мың дана ағаш пен гүл көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Қарағанда облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға «Қайырымдылық - қадірлік іс» атты қайырымдылық шарасында екі КамАЗ автокөлігі толтырылған азық-түлік, киім-кешек және 1357000 (бір миллион үш жүз елу жеті мың) теңге қаржылай көмек берілді.Облыстық мешіт мен Зекет қоры тарапынан 11210 (он бір мың екі жүз он) үлкен-кіші қайырымдылық шарасы өткізілді.
Ал Республикалдық ақпарттық насихат тобының (РАНТ) мүшелерінің қатысуымен 24 кездесу өтіп, 2350 адам қамтылды. Ал ЖАНТ бойынша 108 кездесу өтіп, оған 10800 адам қатысты.
Мұнымен қатар, уағыз-насихат жұмыстарының нәтижесінде теріс ағымның жетегінде кеткен 208 азамат ата дініне оралды. Ал түрлі мекемелерде 2432 кездесу өткізіліп, 97280 адам қатыстырылды.
2015 жылы діни бағытта имамдарымыздың қатысуымен Шымкент қаласындағы «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ», «НарТВ», «ТВК» және қала, аудандардағы Кентау қаласындағы «Икар», Түркістан қаласы «Тұран-Түркістан», Арыс қаласы «Арыс ТВ», Сайрам ауданы «Elnur TV», Сарыағаш ауданы «Сәт», Созақ ауданы «Нұрлы Созақ» , Мақтаарал аудандағы «Сән Нұр» телеарналары арқылы арнайы телебағдарламаларға қатысып, 536 рет сұхбат берілсе, ал 2 радио арқылы 108 рет имандылық тақырыбында сұхбат берілді.
Бұдан бөлек, облыс көлемінде мешіт имамдары және зиялы қауым өкілдері тарапынан діни имандылық бағытта 1056 мақалалары жарық көрді.
Сонымен қатар, 242 мешіттің жанындағы діни сауат ашу курстарынан 12158 тәлімгер сауаттарын ашты.
Жалпы, мәжіліс барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қала, аудан имамдарына күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерті тапсырды. Атап айтқанда: Астана қаласында өткен І Имамдар форумында қабылданған төрт құжатты тереңірек зерделеп, жұмыс барысында басшылыққа алу, дін мен дәстүр шаралары, уағыз-насихат жұмыстары, жастар бөлімінің жұмыстары, баспасөз қызметінің маңыздылығы, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және қайырымдылық акцияларын бір ізділікке түсіру сынды мәселелерді тапсырды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
3768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру