Елорданың «Динамо» спорт кешенінде мешіт жамағаты арасында «Теңбіл доп» футбол турнирі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткен сайыс салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі ұлт бірлігін нығайту мақсатын көздеді. Жамағатты жарастыруда өзіндік бағыты бар «Нұр Астана» мешіті ұйытқы болған турнирде елорданың сегіз мешіті, «Астана» медресесі мен дайындық орталығынан 10 команда бақ сынасты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы Елбасымыз бұқара алдында әрдайым тың ұсыныстар тастап, осы бағыттағы жұмыстарға соны серпін беріп келеді. Бұл орайда спорттық шаралар легі түрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асырылуда. Діни басқарма тарапынан бастау алатын игі шаралар да осынау мақсат-мүдделер тоғысында өткізілуде. «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай бүгінгі жарыс бәйгесі бәсекелестік үшін емес, жағаматтың бірлігін арттырып, тән саулығын насихат ету үшін берілетінін атап өтті.
Сонымен аламан бәйгенің үшінші орнын «Төлебай» мешітінің «Сұңқар» құрама командасы иеленсе, «Кунта қажы» мешіті атынан шыққан «Арландар» командасы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал, бәйгенің бас жүлдесі «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасына бұйырды. Жүлделі орын иегерлері мен басқа да қатысушы командаларға арнайы медальдар мен марапат қағаздары табыс етілді. Сондай-ақ, сайыс сайыпқырандарына тиісті бәйге дәрежесіне сәйкес 20, 30 және 40 мың теңге ақшалай сый-сияпат жасалды.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
3049
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру