Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Достық» үйінде өткен жиын

30.11.2015 3299 0 пікір

Өскемен қаласындағы «Достық»  үйінде «ҚР Қоғамдық кеңес туралы» заңына байланысты облыстық қоғамдық кеңестің мәжілісі өтіп, оған ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай қатысты.

Алқалы жиында облыстық ішкі саясат басқармасының және қоғамдық кеңестің өкілдері, діни бірлестіктердің жетекшілері болды. Басқосуда «Қоғамдық кеңес туралы заң» және қоғамдық кеңестердің іс қызметтері туралы ойлар айтылды. Өкіл имам қоғамдық кеңесте сөз алып, бүгінгі таңдағы діни экстремизмге қарсы жергілікті ақпарат насихат тобының атқарып жатқан жұмыстары туралы өз ой пікірін білдірді. 

Және де жиында облыстық қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс бағыттары сөз болды. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру