Жезқазған қаласы №13 орта мектебінің 9-шы сынып оқушыларына дінтану пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Терроризм – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл кездесуге ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша жастар бөлімінің меңгерушісі Абылай Айқынұлы қатысты. Бірінші кезекте дінтану пәнінің мұғалімі терроризм тақырыбында баяндама жасады. Оқушыларға арнайы дайындалған «экстремизм» жайында бейнеролик көрсетілді.
Абылай Айқынұлы қазіргі қоғамда болып жатқан терроризм, жиһад жайында түсіндіріп берді. Сондай-ақ, қандай сайттарға кіруге болатыны жайында, қандай кітаптар оқуға болатыны жайында айтып өтті.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан намаз, ораза, хиджап, жайында сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Ұстаздар келген қонаққа дән риза болып, алдағы уақыттарда осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса еін білдірді.
Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2015
3671
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру