ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Бас имамы Ермек қажы Мұқатай қасиетті жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жаңабай Әшімов және қариялар өкілдерімен кездесіп, ақсақалдармен емен-жарқын әңгіме өрбітті.
Ол өз сөзінде: «Қарты бар елдің қазынасы бар», - деген дана халқымыз, ақбасты қарияларды сыйлау, құрметтеу туралы исламда көптеген хадистер бар екендігін жеткізе отырып, бүгінгідей арайлы күнде, көрікті мешітімізде өздеріңізбен жүздескеніме қуаныштымын, сіздерден жастар тәлім алады, әрі сіздердің өнегелі істеріңіз бізге үлгі», - дей келе, қарияларға Алладан амандық, денсаулық тіледі.
Қариялар да өз кезегінде өкіл имамды әркез қолдайтындықтарын айта келе, Ислам діні жолындағы жаңа қызметіне зор табыс, жетістіктер тілеп, дұға жасады.
ҚМДБ-ның Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2015
3475
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру