Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Жетімге жақын бол, оған мейірімділік ет, басын сипа, онымен бірге тамақ же! Осылай еткен адамның көңілі (жүрегі) жұмсарады және қажеттіліктері орындалады», - деген хадис шәрифінде. Жетімнің дінімізде алатын орны ерекше.
Шариғатымызда жетімнің ақысын жеу үлкен күнәлардың бірі. Біз қазақ жетімін жылатпаған елміз. Әр қазақ баласын өзіміздің жалғызымыздай көріп, оларға бар махаббатымыз бен қолымыздан келгенше қол ұшымызды беруге тырысамыз. Бір сәбиді қуантып, оның жүрегіне мейірімділік ұялата алсақ, оның өзі үлкен бақыт.
Елімізде қаншама тастанды сәбилер бар. Кейде оларға жұмысымыздың қауырттығы мен уақыттың тапшылығынан көңіл бөле алмай қалып жатамыз. Сондай көздері мөлдіреп, адам баласынан жылулық күтіп жүрген сәбиелеріміз үшін "Ризашылық" мерекесі жыл сайын тойланып келеді. Биыл да бұл жақсы бастама өзінің жалғасын тапты. Атырау облысына қарасты "Шаңырақ" балалар үйі мен "С.Қазыбаев" атындағы №1 интернатының бөбектері де бұл мерекені ерекше көңіл күймен қарсы алды. Мерекеге орай концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Аталмыш шараға облысымызға белгілі азаматтар мен жеке кәсіпкерлер қатысып, сәбилерге сыйлықтар табыс етті. Бұндай ізгі шарадан "Иманғали" орталық мешітінің ұжымы мен жамағаттары тысқары қалмады. Сәбилерге мерекелеік қуаныш сыйлау үшін ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы сәбилерді мерекелерімен құттықтап қайтты.
- «Тек Алла разылығы үшін жетімнің басын мейірімділікпен сипаған адам, қолының тиген шаштарының санындай сауапқа қауышады» деген хадсите. Сәбилерімізге мейірімділікпен қарап, олардың қажеттіліктерін бір адамдай өтеуге тырысайық. Алла бұндай балапандарымызды өз мейіріміне алып, елімізде жетімдердің үйі ешқашан болмасын, - деп өкіл имам Батыржан Мансуров тілегін білдіре отырып, мешіт ұжымы атынан "С.Қазыбаев" атындағы №1 мектеп интернатына кілем мен принтер және жамағат атынан арнайы сәбилер үшін келген сыйлықты табыс етті. Сонымен бірге, жамағат атынан келген сыйлықтарды "Шаңырақ" балалар үйінің бөбектеріне де табыстады.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2015
3736
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру