Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пансионат тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді (ФОТО)

28.11.2015 5158 0 пікір

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы «Отырар» қоғамдық қайырымдылық қоры пансионатының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп қайтты.

Кездесуге қатысқан пансионат үйінің тәрбиеленушілері асыл дініміз жайлы мағлұмат алып, имандылық иірімдерімен танысты. Мешіт имамы жиналған жастарға Ислам дінінде білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Өз кезегінде студент жастар да өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ақыл-кеңесін сұрады. Кездесу соңында студенттерге «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» таныстырылды.

Айта кетейік, «Отырар» қоғамдық қайырымдылық қорының бұл пансионаты әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары арналған. Қазіргі уақытта пансионат ғимаратында 67 студент тұрып жатқан көрінеді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру