Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің қос бірдей қызметкеріне қошамет көрсетіліп, шығарып салу рәсімі болып өтті. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Еркебұлан Байғабылов пен діни сауат ашу курсының ұстазы Ержан Ниязовтар арнайы сынақ тапсырып, Түркия мемлекетіндегі Хасеки университетінде үшжылдық оқу бағдарламасы бойынша білімдерін арттырып қайтуға жолдама алған болатын.
Қасиетті жұма күні жамағат алдында жолға шыққалы тұрған қос бауырымызға «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының іссапарда болуына бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді. Дін жолында қалтқысыз қызмет етіп, шәкірттері мен жамағаттың ыстық ықыласына бөленген қос жігітке мешітіміздің Бас имамы атынан «Алғыс хат» табысталып, мешіт мәртебесінің асқақтауы жолында сіңірген еңбектері айтылды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2015
3766
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру