ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітінде қала, аудан имамдарына бір апталық семинар басталды.
Семинарды жүргізетін Алматы қаласы Орталық мешітінің найб имамы, ғалым Ерсін Әміре.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы семинар барысында: «Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді», – деген. Демек, дінді түсіну, оған амал ету, Исламды насихаттау – жауапкершілігі мол, мәртебелі еңбек.
Семинар барысында имамдарға Ақида, Фикһ сабақтары, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» масхабын кеңінен насихаттап, асыл дініміздің беделі туралы дәрістер оқылатын болды.
Имамдардың біліктілігі мен білімі жетіле түссе, жамағатымыздың саны артып, елімізге жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендер саны төмендеуіне өз септігін тигізері сөзсіз. Дәстүрлі дінімізді, шариғатты ұстанып, соған орай амал етіп, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейе түсуіне бір адамдай атсалысу қажет екендігі рас.
Семей Қос мұнаралы орталық мештінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2015
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру