Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттермен кездесу өтті

27.11.2015 3728 0 пікір

Биылғы жылы Рудный қалалық «Нұр» мешіті имамдарының қатысуымен қаламыздағы оқу-орындарының студенттерімен діни тақырыпта кездесулер дәстүрге айналды. Мақсаты жастарды ислам дінімен жан-жақты таныстыру.

Шаһарымыздағы елімізге белгілі Индустриялдық институтының жанындағы жатақханада 1-2 курс студенттерімен жүздесу ұйымдастырылды.

Осынау имандылық мәселесін арқау еткен бас қосуға «Нұр» мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы қатысып, Исламдағы ілімнің маңыздылығы жайында уағыз айтты.

Жиын соңында студенттер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға нақты жауап берілді.

Ең бастысы, қазіргі таңда жастардың дінге деген көзқарасы жылдан-жылға  артып келеді.  Бұл да болса,  ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің жемісі екендігі даусыз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру