Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей аймағы жылдық есебін қорытындылады

27.11.2015 3341 0 пікір

Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының бастамасымен Қос мұнаралы орталық мешітте дәстүр бойынша барлық қала, аудан, имамдары жиналып, 2015 жылда атқарылған жылдық жұмыстары жайында есеп беріп, келешекте атқарылар жұмыстармен ой бөлісті.

Әр қала, аудан, имамдары жыл бойы атқарған қызметіне тоқталып, жылдық есептері тыңдалды.

Жылдық есепте мынадай тақырыптарды нақтыланды:

Қарттарға құрмет, Жастар мәселесі, ҚМДБ-ның Тұғырнамасының насихатталуы және  дін мен дәстүр туралы, төрт бағыт бойынша атқарылған іс шаралар;

- имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы;
- қайырымдылық шараларды ұйымдастырылуы;
- жағдайы төмен отбасыларға көмек беруі;
- жергілікті, республикалық басылым беттеріне рухани материалды жариялау;
- мешіттерде уағыз-насихатты ҚМДБ-нан бұйрығы бар имам-молдалар жүргізілуі;
- келген жамағатқа көркем-мінез танытып, барша мұсылман бауырларды бірлікке, елді ынтымаққа шақыра білу, білімді жастармен кездесулер мен семинарларды өткізу керектігін Өкіл имам баса жеткізді.

Жалпы, жиын барысында үгіт-насихат жұмыстары, жастар бөлімінің жұмыстары, баспасөз қызметінің маңыздылығы, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспары пысықталды.

АНТ жұмыстарын дамыту тұрғысында пікір алмасу мен төл басылымдарымыз «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды жыл бойына жалғастыра беру келісілді. Өзге де ағымдағы мәселелер сарапқа салынып, ұсыныстар тыңдалды. 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру