Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бүгінгі жас – ертеңгі келешек

27.11.2015 3453 0 пікір

Ақиқатында дінсіз қоғам болмақ емес. Ал, қоғам, адамдардан тұрады. Сол қоғамның негізгі күші жастар екендігі сөзсіз. Егер жастардың жүрегінде иманы, ойына түйгені болса, ол жас – елдің кемел келешегіне айналары айқын.

Дін аман болса, ел аман. Дін адам баласына өмір сүру ережесін үйрететін Алла Тағала тарапынан келген ұлы заңдылық.

Жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру басты мәселелердің бірі. Кім өзінің дәстүрлі, төл дінін білсе ол адам ешқашан адасушылыққа бармайды.

Осыны басты назарда ұстай отырып, өңірімізде жастардың діни сана-сезімін көтеру үшін көптеген игілікті шаралар мен кездесу жиындар болып келеді.

Алматы облысының, Ескелді, Көксу аудандарында өткен «Дін және Жастар» атты семинардың да басты мақсаты отансүйгіш, елі мен жеріне жанашыр жастарды тәрбиелеу болды.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру