Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатымен кездесу өткізді (ФОТО)

26.11.2015 3716 0 пікір

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына арналған арнайы кездесу кеші болып өтті. Мешіт ұстазы Ақбөпе Тілегенованың ұйымдастыруымен жүзеге асқан кездесу кешінің басты қонағы Дін істері комитетінің Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы болды.

Айта кетейік, Айнұр Әбдірәсілқызы бұған дейін де бірнеше мәрте мешітімізге келіп, кездесу өткізген болатын. Әр сөзін әдеппен сабақтап, Құран және хадистен дәлел келтіре сөйлеген Айнұр Әбдірәсілқызы бұлжолы апа-қарындастарымызға «мұсылман әйелі қандай болу» керектігі жайында ой толғады. Сондай-ақ, жамағат қойған сұрақтарға жауап қайтарып, түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру