Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам медресенің жай-күйімен танысты

26.11.2015 3509 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы облысы Алматы өңірі бойынша өкілі, «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы Нұржан Манапбаев «Үшқоңыр» медресесінің Үшқоңыр ауылында орналасқан «Ер балалар бөлімі» мен Қарғалы ауылында орналасқан жаңадан күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан іске қосылған «Қыздар бөлімінің» ұжымымен, діни ілім алып жатқан шәкірттермен, медресе ұстаздарымен кездесті.

Бас имам медресесінің шәкірттерімен танысып, сұхбат жүргізіп оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап медресе ұжымының  атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. «Бұл медреседе оқып жатқан шәкірттердің болашағынан үмітіміз зор, Алла қаласа, осы оқу ордасынан дінімізге үлкен үлес қосатын азаматтар мен азаматшалар шығады деген үміттеміз», - деді өкіл имам.

Сондай-ақ, кездесу барысында өкіл имам медресенің жай-күйін бақылап, алдағы уақытта медресемен тығыз қарым-қатынас орната отырып бірігіп жұмыс жасасақ, біз ала-алмайтын қамал болмас. Бір атаның баласындай жұмыла жүк көтерсек , асыл дініміз әлі-ақ қанатын кеңге жаяды, - дей келе, өзінің алға қойған ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп, медресе ұстаздарының істеріне сәттілік тіледі.

Алматы облысы Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру