Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның алғашқы кездесуі

26.11.2015 3598 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Бас имамы Ермек қажы Мұқатай «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында қала мешітінің имам-молдаларымен, аудан имамдарымен кездесті.

Имам-молдалармен жеке-жеке танысып, аудандардағы діни ахуал жайлы хабардар болды. Сонымен қатар, аудан мешіттерінің жағдайы, құжаттардың кемшілігін толтыру мәселелесін тапсырды.

ҚМДБ-ның белгілеген төрт бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, алда биік межелерге жету мақсаты тұрғанын атап өтіп, Өскемен аймағы бойынша осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстардың бұданда қарқынды дамуы үшін, дін жолында бірлесіп, нәтижелі қызмет атқаруға шақырды.

Жиынға қатысушылар да өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Өкіл имам оларға діни басқарманың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру турасында нақты тапсырмалар берді.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі,
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру