Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның іс-сапары

26.11.2015 3028 0 пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек Алматыда орналасқан ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарында бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, облыстың Бас имамы «Нұр-Мүбәрак» университетінде оқып жатқан ОҚО-дан келген шәкірттермен, Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімдерін жетілдіріп жатқан имам-молдалармен және «Әбу Ханифа» атындағы медресе шәкірттерімен дидарласып, пікір алмасты.

Кездесулерде өкіл имам «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференцияда қабылданған Тұжырымдама туралы ой бөлісіп, діни білім алудың бүгінгі таңдағы маңыздылығына тоқталды.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру