Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астаналық ақындарға Тұғырнама таныстырылды (ФОТО)

26.11.2015 3056 0 пікір

Елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде астаналық ақын-жазушылардың басын қосқан тағылымды кеш болып өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кеш барысында қалам ұстаған қауымға «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» таныстырылып, аталмыш құжаттың мән-маңызы түсіндірілді.

Кеш шымылдығын ашқан ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы ақын-жазушылардың ел руханиятындағы алар орнының, атқарар миссиясының ерекше маңызды екенін атап өтті. Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын жандардың мешітте бас қосуының өзі дініміздің діңгегін берік ете түсетініне тоқталды. Ақиқатты жырлаған ақындарымыздың асыл дініміз жайлы білімі мол болса, халықтың да көсегесі көгерері сөзсіз. Алдағы уақытта дін қызметкерлері мен сөз зергерлерінің бірлесе атқарар шаруалары шаш-етектен деген найб мүфтиі лебізі қонақтар тарапынан да қызу қолдау тапты.

Айтыс өнері мен жазба әдебиетімізде жауһар жырларымен танылған ақындарымыз да өз пікірлерін білдіріп, Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – Діни басқарма жұмысына сәттілік тілейтіндерін жеткізді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру