Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар мен ұстаздарға семинар өтті

25.11.2015 3260 0 пікір

Қараша айының 23-25 аралығында Жезқазған қаласында Қарағанды облысының Дін істер агенттігінің ұйымдастыруымен 3 күндік семинар өтті.

Онда дін мен дәстүр, қазіргі қоғамда болып жатқан экстремизм, жат ағымдар және олардан сақтану жолдары жайында кеңінен сөз етілді. Семинарға Дін істері агенттігінің қызметкерлері, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты қала, аудан, ауыл имамдары, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары қатысты.

Семинарды Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имам Асқар Әбітайұлы жүргізді. Семинарда ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айшагүл Жапарбаевна баяндама жасады.     

Семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Барлық ұстаздар мен имамдарға сертификаттартабыс етілді.

Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру