Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров «Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда» университетінің шәкірттерімен кездесу өткізіп, дәріс беріп қайтты. Оқу ордасының басшылық құрамының бастамасымен өткен кездесу барысында асыл дініміз Исламның зайырлы қоғамдағы алар орны сипатталып, шәкірттерге құнды кеңестер айтылды.
«Дін және оның жастарға ықпалы» тақырыбында да ой өрбіткен имам уағызы жастарға ерекше әсерлі болды. Қазіргі таңда қоғамымызда теріс ағымдардың жетегіне ерген жастардың адасуының басты себебі білімсіздік екенін баса айтқан мешіт имамы «көлденең көк аттыдан» дін үйренуден сақтандырды. Кездесу барысында студенттер тарапынан көптеген сауалдар қойылып, көкейде жүрген күмәнді жайттардың жауабына қанықты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2015
2977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру