Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бала тәрбиесі – бәрімізге ортақ іс

24.11.2015 3657 0 пікір

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық №15 орта мектебінде ата-аналар ұжымымен кездесу өтті.

Аталған кездесуде, бала тәрбиесіне қатысты негізгі әсер ететін факторлар турасында келелі әңгімелер қозғалды.

Қоғамымыздағы жастар арасындағы суицид «дертінің» артуы, тәртіп бұзушылықтың көбеюі, мектеп оқушыларының мінез-құлқындағы теріс әрекеттерге бейім тұру секілді бірнеше өзекті мәселер талқыланды.

Ата-аналарға барынша үйдегі тәрбиенің ықпалын күшейтіп, қадағалау, жас жеткіншектерді теріс бағыттағы ағымдардың құрығынан сақтандырып, келеңсіз әрекеттерден аулақ болулары үшін ата-аналар назарына дәстүрлі дініміздің негізгі бағыттарын айқындап көрсететін «Мұсылман Тұғырнамасымен» таратылды. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру