Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесінің Ақтөбе өңіріндегі сапары

23.11.2015 3245 0 пікір

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қабылбек Жұмабеков Ақтөбе облысына уағыз-насихат жүргізу үшін сапарымен болып қайтты.

РАНТ мүшесінің алғашқы уағыз-насихат жұмысы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің жамағатына насихат жүргізуден басталды. Сондай-ақ, ақшам намазынан кейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті.

РАНТ мүшесі келесі күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінде үгіт-насихатын жалғастыра отырып, жиылған көпшіліктің өзекті сауалдарына жауап беріп, дінімізді дәстүріміздің түп-тамыры, ата-бабаларымыз ұстанған сан ғасырлық тарихы бар салт-дәстүрімізді осы заманда түбегейлі қоғамнан ысырып тастау – ақылды адамның әрекетіне жат нәрсе екендігін айтты.

РАНТ мүшесінің қастысуымен «Ақтөбе» медресесінде барша Ақтөбе облысы аудандарының имамдарына семинар өткізілді. 

Сондай-ақ, ақшам намазынан соң, Ақтөбе қалалық «Сүлеймен ата» мешітінің жамағатымен кездесу өткізіп, уағыз жүргізді. Уағыз-насихатқа арқау болған негізі мәселе ұлтымыздың салты мен ғұрпы, дәстүрі мен әдебі.

Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жұмыстары жалғасты.

РАНТ мүшесінің Ақтөбе өңіріндегі уағыз жұмыстарының соңы Темір аудандық Шұбарши елді-мекені  халқымен кездесу өткізді. Көпшілік қауым тарапынан  сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру