Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда жылдық есеп қорытыланды

23.11.2015 3607 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша аудан-қала имамдарының жылдық есебі тыңдалды. Жылдық есеп беру жиналысында Уағыз-насихат, Қайырымдылық шаралар, Оқу-ағарту, және Діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қарттарға құрмет, Жастар мәселесі, ҚМДБ-ның Тұғырнамасының насихатталуы және  Дін мен Дәстүр туралы  сөз қозғалды.

ҚМДБ-ның Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы өңір бойынша 8 аудан 1 қала және Талдықорған қаласына қарасты 5 мешіт имамдарының есеп беру жиналысынан кейін, атқарған игі шараларын жоғары деңгейде бағалап, 3 ауданның бас имамдарына «Алғыс хат» табыс етті.

Жылдық есеп қорытындысынан кейін «Жұмылы көтерген жүк жеңіл» демекшіні желеу етіп, алдағы уақытта Алла жазса бірлесе отырып, әрі қарай жұмысты жандандыра беруге шақырды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша  баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру