Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Дін істер басқармасының және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан халқы ассамблеясы - 20 жыл: дін, дәстүр және халық бірлігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференцияға қатысқан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Макенұлы, ҚМДБ-ның жанынан құралған РАНТ-ның мүшесі, дінтанушы Арман Қуанышбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» директорының орынбасары Жорабек Дәуренов, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Кенжебай Досай, ОҚО ішкі саясат және дін істері «Әлеуметтік бастамалар орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Абзал Бектұрғанов, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан, «Шағағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының директоры, теолог Қанат Жұмағұлдың баяндамалары тыңдалды.
Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуының алдын алу, діннің және дәстүрлердің өзара іс – әрекетінің мәселелері, қазіргі таңда жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу, адам өміріндегі діннің орны, ислам және қазіргі жастар мәселесі, дін және жастар т.б. көптеген тақырыптарда өзекті мәселелері сөз етілді.
Шараға мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, имамдар, медресе ұстаздары мен шәкірттері, қоғамдық және діни бірлестіктердің жетекшілері, оқу орындарының студенттері қатысты.
Қасиетті жұмада Орал орталық мешітінде РАНТ мүшесі Арман Баймағамбетұлы «Бала тәрбиесінің кейбір қырлары» атты тақырыпта уағыз айтып, жамағатпен бірге намаз оқып, дұға жасады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.11.2015
3644
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру