Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әлжан ана» мешітіне жаңа имам тағайындалды (ФОТО)

21.11.2015 3911 0 пікір

Астана іргесіндегі Пригородный кентінде орналасқан «Әлжан ана» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Бас имам тағайындалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан жұмаға жиылған халыққа Қуаныш Жұмабайұлын таныстырып, оған жаңа қызметте зор жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.

Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит осыған дейін Ақмола облысы Степногорск қалалық мешітінде Бас имам қызметін атқарды. Степногорск өңірінде 19 жыл дін қызметінде болған Қ.Сәбит дін білімін Түркия республикасында арттырды. Имамдардың білімін жетілдіру 4 айлық курсын тәмамдаған.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру