ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамдығына Ермек Тасболатұлы Мұқатай тағайындалды. Жаңа өкілді қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Дін істері бөлімі басшысы Камалжан Бекбосынұлы Тұрдыбаев мешіт қызметкерлері мен жамағатына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның бөлімі басшысы: «2011 жылдан бері Өскемен аймағына өкіл имам болған Нұрлан қажы Байжігітұлы дініміз үшін өңірде өлшеусіз еңбек сіңірді. Оның тікелей атсалысуымен облыс орталығында сәулетті мешіт бой көтерді. Тағы да басқа игі бастамаларды қолға алып, дін Исламның өңірде өркендеуіне үлес қосты» дей келе игі істері үшін ҚМДБ және Шығыс жұртшылығы атынан алғыс айтып, иығына ақ шапан жапты. Жамағат та Нұрлан Байжігітұлына алдағы қызметіне табыс тілеп, жүректі сөздері мен шынайы алғыстарын білдірді. Жамағат атынан Бақдаулет ақсақалымыз ақ батасын берді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы басшысы М.Мұхамеджанов облыс әкімі Д.Ахметовтың «Алғыс хатын» табыстап, еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтауда қосқан зор үлесі үшін жылы лебізін білдірді. Жаңа өкілге қызметтік табыстар тіледі.
Ал, жаңа өкіл имам Ермек Мұқатай Нұрлан Байжігітұлының аймақта атқарған істерінің бүгінгі қарқынын бәсеңдетпей, әрі қарай да дініміздің көркейіп, қанат жаюына барынша күш салуға уәде берді.
Ермек Тасболатұлы бұған дейін Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2015
4860
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру