Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Жезқазан қаласында

20.11.2015 3628 0 пікір

18-қазан күні РАНТ тобының мүшесі Батыржан Берденұлы мен Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің найб имамы Айтжан Қапарұлы «технология және сервис» колледжі мен медициналық колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, кездесуге Жезқазған қаласының ішкі саясат бармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының инспекторы Жанат Оңғарбайұлы қатысып, жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияндылғы жайында түсіндіріп берді.

Кездесу барысында оқушылар мен студенттер қауымына мазхаб ұстану және отансүйгіштік жайында уағыз-насихат айтты.

Жиналған жастардың дінге қатысты өзекті сауалдары қойылып, нақты жауаптары берілді.

Содан кейін «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде «Дидар» телеарнасының тілшісі Ізтөлеу Бекенұлы келіп «Жихад», «Суицид» жайында сұрақтар қойып, сұхбат алды.

«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру