Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық - адам жанының нұры

20.11.2015 3997 0 пікір

Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қабылдады.

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі – рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі – іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу). Осы жағдайларды ескере келе мешіт ұжымы 1.000 000 (бір миллион) теңге қаражат қайрымдылыққа жұмсады.

Өкіл имам ҚМДБ бағыттарының бірі мұқтаждардың мұңын бөлісіп, қол ұшын беру екендігін айтып, аз қамтылған отбасыларға мешіт тарапынан қашанда қолдау көрсететіндігін жеткізді. Келген кісілер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», – деген. («Сәбә» сүресі, 39-аят.)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру