Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі теологпен бір күнде өткен кездесулер

20.11.2015 3851 0 пікір

Ақжайық төріне келген белгілі теолог маманы Арман Қуанышбаев  ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің иманды, білімді шәкірттерімен жүздесті.

«Орал» медресесінің  директоры Руслан Тыныштықұлы білім ордасына  келген шәкірттерге  ҚМДБ-ның жанынан құралған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, теолог, исламтанушы Арман Қуанышбаевты  таныстырды.

Арман Баймағамбетұлы рухани білім ордасындағы шәкірттерге  «Білім алудың маңыздылығы» және «Құран Кәрімнің қасиеттілігі» жайында насихатын жеткізді.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі жүзге жуық тарихы бар Махамбет Өтемісұлы атындағы  БҚМУ университетінде «Кері ағымдар» турасында, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ университетінде «Мазхабтар» жайында, облыстық «ТДК-42» телеарнасындағы тікелей «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасында «Діни ұғым», Орал қалалық мешітінде құптан намазынан кейін исі мұсылман жамағаттарына «Ар хақында» тақырыптарында уағыз-насихаттарын жүргізді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру