Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша аудан имамдарының бір жылдық есеп беру жиналысы болып өтті.
ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілі, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұржан Манапбаев аудан имамдарының дін жолында қызмет етіп жатқандарына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бір-бірімізге арқа сүйеп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Бұл жиында аудан, қала имамдары ҚМДБ-ның тапсырған 4 бағыты (Діни уағыз, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралары, діни сауат ашу курсы) бойынша және басқада Діни басқармадан келген тапсырмалар мен бір жылда атқарылған іс-шаралардың есебін дайындап келген слайдтары арқылы көрсетіп, есеп берді.
Жиын соңында ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша өкілі, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы Нұржан Манапбаев кейбір аудан, қала имамдарына сын-ескертпелер айтып, алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің болмауын талап етіп, аудан имамдарына бірнеше жұмыстар мен міндеттемелер жүктеді. Сондай-ақ, алда келе жатқан «Мәуліт» мерекесіне бір кісідей атсалысуға шақырды.
Алматы облыстық «Қарасай Батыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2015
4253
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру