Маңғыстау облысы, Қарағия ауданы, Құрық ауылында аудан әкімінің қатысуымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында жиын өтті. Отырыста облыс имамы Смайыл Сейітбеков «Экстремизм бағытындағы топтардың елімізге тигізетін зияны» тақырыбында баяндама жасады. С. Сейітбеков өз сөзінде діни шиеленістің мемлекет қауіпсіздігіне тигізетін әсері, оның қауіп төндіретін салдарымен күресу және алдын алу шаралары туралы айтты.
«Бүгінгі күннің талабына сай мемлекеттік қызметшілер де дін тақырыбын жетік білуі тиіс. Қоғамға түрлі жат ағымдардың дендеп енуі діни сауатты болуымызды талап етеді. Қазақ халқы байырдан Әбу Ханифа мазхабын ұстанып, ата бабаларымыз сол мектептің тәлім тәрбиесін бізге аманат етіп қалдырды. Біз өз мазхабымыздан адаспай, дін мен дәстүрімізге берік болған жағдайда ғана кейінгі ұрпақ та өз жолынан адаспасы анық» ,- деді өкіл имам С.Сейітбеков.
Жиын соңында кездесуге қатысушылар өздерінің сауалдарын қойып, білгісі келген сұрақтарына жауап алды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2015
3132
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру