Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал стандарттау бөлім меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев Алматы облыстық «Қарасай Батыр» мешітінде жиылған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Алматы өңірінің өкілі және облыстық «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы қызметіне Нұржан Дәулеткелдіұлы Манапбаевтің тағайындалғандығын жеткізді.
Дүйім жұрт жаңа имамның артына сап түзеп жұма намазын оқыды. Ақсақалды қариялар Бас имамға ақ батасын беріп, ісіне жемісін тіледі.
Алматы облыстық «Қарасай Батыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2015
3744
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру