Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімд мәнерлеп оқудан жарыс өтті.
Жарысқа орталық «Иман» мешітінің жамағаттары арасынан белсенді жастарымен қатар, Талдықорған қаласына қарасты «Нұр» мешіті, «Жетісу» мешіті, «Еркін» ауылы мен «Көктал» ауылдық мешітінің шәкірттері мен жасөспірімдер өзара бақ сынасты.
Аталмыш Құран жарысында Құранды мәнерлеп жатқа оқумен қатар, тәжуидпен қоса, Құранда айтылатын дұғалардан қаншалықты дұғаны жатқа білетіні туралы сұралды.
Жарыс соңы қорытындыланып, өкіл имам қатысушы жастарға «Құранды жаттаудың пайдасы» туралы әсерлі уағыз айтып, сынға түскен шәкірттердің бәріне ынталандыру сыйлығын табыстады.
Десек те, «Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар» демекші жарысқа қатысушы жастар арасында жеңімпаздары анықталып, оларға бағалы сыйлықтармен қоса алғыс хаттармен марапатталды.
Игі шара жалғасын тауып, өкіл имам көрермендер ішінен тұрмысы төмен 3 жас отбасына азық-түліктей көмек көрсетті.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2015
3475
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру