Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Ақжайық елінде (ФОТО)

19.11.2015 3605 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен Бөрлі ауданы, мәдениет үйінде  қала, аудан, ауыл имам-молдаларына арналған білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында үш күндік діни семинар болып өтті.

Діни семинарға ҚМДБ-ның жанынан құралған РАНТ-ның мүшесі Арман Қуанышбаев, облыс имамы Руслан Сұлтанов, орталық мешітінің найб имамдары, Мысыр еліндегі әйгілі әл-Азһар университеттінің түлектері Мұратбек Қыстаубаев пен Бауыржан Қожагелдиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, бас маманы Нұржан Стамбакиев, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев қатысты.

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиұлы діни семинарға сәттілік тіледі.  Өкіл имам  Руслан Тыныштықұлы белгілі теолог Арман Қуанышбаев пен облыстан келген қонақтарды таныстырды. Белгілі теолог Арман Қуанышбаев жиналған имам-молдаларға  дәріс оқыды.

Білім ордасындағы басшылармен «Дінтану» пәнінің сабақ беріп жүрген мұғалімдерімен кездесіп, бір-бірімен пікір алысып,  ортақ шешімдерге қол жеткізді.

Арман Қуанышбаев Орал шаһарындағы облыстық «Қазақстан-Орал»  телеарнасына «Исламдағы әйелдің орны» турасында деректі фильмге сұхбат берді.

РАНТ мүшесі «Ана» жайында сұхбатында қазақ аналары текті ұрпақ әкеліп, текті ұрпақтары ұлан-байтақ жерімізді қорғап, біздерге Егемен елді аманат етті, - деп насихатын жеткізді. 

Қазіргі уақытта қоғамдағы  дін жолында жүрген бауырларымыз Алла қосқан қосағын тастап, жарына талақ айтуы, тастап кетуі, діни білімінің жоқтығы, сауатсыздығы, - деді теолог маманы.

Кездесудің жалғасы облыстық қазақ драма театрында ақсақалды аталар мен білімді, иманды жастар жүздесті. Теолог маманы жиналған жастардың көптігіне байланысты «Дін және жастар» турасында уағыз айтып, ғибратты әңгімелерімен бөлісті.

Құптан намазынан кейін белгілі теолог маманы Арман Қуанышбаев облыстық орталық мешітінің исі мұсылман жамағаттарымен кездесті.

Арман Баймағамбетұлы «Жамағаттың бірлігі» жайында уағыз айтып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жиналған жамағаттың сауалдарына жауап беріп, жиналған жамағатты ауызбіршілікте,  ынтымақта шақырды.

Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру