Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық жастарға Тұғырнама түсіндірілді

19.11.2015 3361 0 пікір

ҚМДБ – ның жастар ісі жөніндегі бөлімінің Маңғыстау облыстық орталық мешітіндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы Арман жастар орталығында жиын өтті.

«Жастар – ел болашағы» деп аталған отырысқа өңірдегі колледж студенттері мен қоғамдық жұмыстардың бел ортасында  жүретін белсенді жастар қатысты. 

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің Бас имамы Дүйсен қажы Хосниязов жастарға ҚМДБ-ның Тұғырнамасын таныстырды. Имам құжаттағы аса құнды, өзекті мәселелерді сөз етіп, Тұғырнаманың маңыздылығын сөз етті.

Облыс мешітінің жастар ісі өкілдігі Елдар Атибеков жастардың діни сауаттылығы мен саяси сауатын көтеру тақырыбында баяндама жасады. Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ерғали Әнесов қазіргі жастар арасындағы өзекті мәселелерді атап, олармен күресудің жолы имандылық және дін мен дәстүрді бекем ұстануда екендігін айтты.

Сондай ақ, отырыста Тұғырнаманың жастарға беретін тәрбиелік мәні айтылып, құжаттардың басты мақсаты ел мұсылмандарын қазіргі заман талабына сәйкес жан-жақты білімді болуға, ізгілікке, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға шақыру, түрлі ағымдарға бөлінуіне жол бермеу, өзге діндер өкілдерімен бейбіт, ынтымақта тіршілік етіп, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені одан әрі нығайтуға үлес қосу болып табылатындығы сөз болды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру