Республикалық имамдар форумында жарық көрген Тұғырнама негізінде тұңғыш рет телефизялық форматта ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораздың идеясы аясында 15 минуттық хабар түсірілуде.
Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің жетекшілігімен қолға алынған бағдарламада жоспар бойынша 47 хабар түсірілмек. Асыл арна телеарнасының студиясында дайындалып жатқан бағдарлама қараша айының 17 жұлдызынан бастап халыққа көрсетіле бастады. Бағдарламаның жүргізушісі Нұржан Таласұлы.
Бағдарлама барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған кеңес мүшелерімен қатар халық қалаулылары, сондай-ақ дін мамандары Тұғырнаманы халыққа кеңінен түсіндіретін болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2015
3323
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру