Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның алғашқы сапары

18.11.2015 3290 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша өкіл имамы болып тағайындалған Бахытбек Тәжімбет өзінің облыстағы алғашқы сапарын Рудный қалалық «Нұр» мешітінің намазхандарымен жүздесуден бастады.

Рудный қалалық мешіттің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы мешітте атқарылып жатқан жұмыстармен және қаланың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Облыстың Бас имамы жамағатпен кездесу барысында ғибратты уағыздар айтып, жиналған қауымға үлкен әсер қалдырды.

Өкіл имамның сапары одан әрі өңірдің Әулиекөл ауданында жалғасты. Аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрбол қажы Балахмет, аудан әкімі Амантай Балғарин және аудан ақсақалдары мен намазхан жамағат қарсы алды.

Кездесу барысында өкіл имам жамағатқа уағыз айтып, ҚМДБ-ның бекіткен Тұғырнамасының негізгі ұстанымдары жөнінде насихаттады.

Кездесуден кейін аудан ақсақалдары облыстың Бас имамына ақ батасын беріп, қызметінде сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру