Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жазасын өтеушілерге уағыз-насихаттар айтылды

18.11.2015 3280 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысына қарасты мешіт имамдары жыл басынан бері  арнайы бекітілген жоспар бойынша түзету мекемелеріне тұрақты түрде барып ондағы жазасын өтеушілерге жоспарлы тақырыптар бойынша уағыз-насихаттар айтып келеді.

Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат пен қалалық «Бижан» мешітінің имамы Абдуссамат Айтқазылар Павлодар қаласы шетіндегі №162\3 түзету колониясына  барып жоспарлы кездесу өткізді. 

Кездесу барысында бірінші Республикалық имамдар форумында бекітілген «ҚМДБ-ның Тұғырнамасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар  насихатталып, уағыздалды. Кездесу соңында Тұғырнама және «Мұсылманның тұлғалық бейнесінің» бір данасы жазасын өтеушілерге табыс етілді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру