Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт құжаттары тексерілді

18.11.2015 3678 0 пікір

Маңғыстау өңіріне келген  ҚМДБ ның іс басқарушысы Ербосын Орын мен мешіт істері  жөніндегі бөлім басшысы Жанділда Бекжігітовтің қатысуымен облыстық мешітте жиын өтті.

Жиынға облыстағы мешіттердің Бас имамдары түгелдей қатысып, өз мешіттерінің құжаттарын таныстырды. ҚМДБ мамандары мешіттегі басқарушылық ісінің, мешіт құжаттарының Заңға сай болуын, кіріс –шығыс хаттардың мұқият тігілуін,  барлық іс қағаздарының нормативтік дағдыға сай болуын айтты.

Өңірдегі мешіт құжаттарының әрқайсысымен таныс болып, тексере келе мамандар құжаттардың 98 пайыз дұрыс орындалғанын айтты. Сонымен қатар, сын ескертпелер айтылып, ҚМДБ-ның арнайы Жарғысы мен Ережесіне сай жұмыс істеуге шақырды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру