Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдарына арналған екікүндік семинар басталды (ФОТО)

17.11.2015 3504 0 пікір

Бүгін Астана қаласының имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» тақырыбындағы екікүндік семинар өз жұмысын бастады. Астана қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинар барысында Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздарына арнайы мамандар мен ғалымдар түрлі тақырыптарда баяндама жасайтын болады.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Закарьянов Төлеген Кабыкенұлының алғы сөзімен басталған семинардың алғашқы күні қатысушыларға ҚР Президенітінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректор кеңесшісі, танымал дінтанушы Мұхитдин Исаұлы дәріс жүргізеді.

Сондай-ақ, семинар барысында Төлеген Закарьянов  пен ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» Орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Тағанұлының қатысуымен екіжақты меморандумға қол қойылатын болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру