Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САБАҚТЫ ИНЕ СӘТІМЕН

16.11.2015 3728 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өз Жарғысы негізінде мемлекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауда отандық тәжірибені қолдайды. Сондай-ақ, бұл үрдісті одан әрі нығайтуға ҚМДБ Республикалық имамдар форумында Тұғырнама жарық көрген болатын.

Қазіргі күнге дейін тағлымы терең Тұғырнамамен Алматы қаласының біршама Жоғарғы Оқу орындарының студенттері танысты. Сонымен қатар Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің жетекшілігімен Республикалық имамдар форумында жарық көрген Тұғырнама халық арасында кең таралуы мен оң пікір қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет телефизилық форматтағы 15 минуттық хабар түсірілуде, жоспар бойынша 47 хабар түсірілмек. Асыл арна телеарнасының студиясында дайарланып жатқан бағдарлама қараша айының 17 жұлдызынан бастап телеарна арқылы халыққа көрсетілмек. 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру