Қайырым мен мейірімге мұқтаж жандар қоғамымызда қаншама? Ал сіз ата-анасы жоқ жетім сәбилер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың жұдырықтай жүрегіне бір сәт үңіліп көрдіңіз бе? Олардың бірі ата-ана мейірімін аңсаса, енді бірі денім сау болса дейді. Яғни армандардың да ақиқаттан алыс болатын кездері бар. Сондықтан дүние есігін ашпай жатып жетімдік пен мүгедектіктің кермек дәмін татып жүрген сәбилердің өмірлеріне қуаныш, көңілдеріне жұбаныш сыйлау үшін Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындарының жастары бірігіп қайырымдылық шарасына ұйытқы болуда. Оның ерекшелігі бұл жобада арнайы қаржылай қор жоқ, бас демеуші, ақшалай қолдау көрсетушілері де жоқ. Ақша-қаражаттар аударудың кез-келген түріне тыйым салынады. Басты мақсат: жәй ғана балаларға сый-сыяпат жасау.
Ендеше бұл қайырымдылық шара қалай жүзеге аспақ?
Желтоқсан айында Алматы қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарында тілектер жазылып ілінген ағаштар қойылады. 9 күн бойы кез-келген адам оған өз атынан сыйлық іліп қоюға немесе оны ұйымдастырушыларға тапсырып, белгіленген күні сәбилерді қуантуға болады.
Қайырымдылық шараға:
- Алматы қ. әкімдігі
- Мега СОО жүйесі
- Алматы қ. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма
- Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
- Almaty Management University
- Қазақстан жастары ақпараттық қызметі
- Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
- ҚазҰАУ
- Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
- «Сымбат» дизайн және технология академиясы
- ҚазМҚПУ
- HIPOKZ
- Алматы бүгін
- «Көмек» қоғамдық қоры
- Алматы қ. Еріктілер лигасы
- Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Акедемиясы
- Қайырымды да батыл, белсенді жандар тобы
және басқа да бірқатар мейрамхана, мекеме, сауда орындары қолдау көрсетпек.
Мейірімге мұқтаж сәбилердің қарапайым ғана тілегін орындауға мүмкіндік берілетін қайырымдылыққа қолдау көрсету – қаржылай көмек деген сөз емес. Жобаның да ерекшелігі компаниялар мен мекеме-ұйымдар тілек ағашы салынған суретпен өздерінің суреттерін #CharityWishTree хэштегіне сілтеме жасау арқылы да бірлікте екенін көрсете алады. Ал ары қарай қайырымдылық шарасының тұсаукесеріне қатысып, өз қалауымен балаларды қуантуына мүмкіндік бар.
Charity Wish Tree жобасын ұйымдастырушы – Диана Кулакеева мына әлеуметтік желілерге сілтеме жасайды:
https://www.instagram.com/charity_wish_tree/
https://vk.com/charity_wish_tree
https://www.facebook.com/groups/charitywishtree/?fref=ts
https://twitter.com/charitywishtree
Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де Алматыдағы қоғамдық шаралар мен әлеуметтік жобаларға, жастар өмірін белсенді ұйымдастыруға барынша үлес қосуда. Сондықтан олар қайырымдылықта бірге болып, балаларды қуантуға жұдырықтай жұмыла ат салыспақ.
Балалардың көкейіндегі қол жетпес қиялы ересектер үшін түк емес болуы да мүмкін. Ендеше олардың армандарының ақиқатқа, қиялдарының шындыққа айналуына ат салысып, қуаныш сыйлауға асығайық!
Айша Кеңесбай,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2015
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру