Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде жиын болып өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев сөз алып, жаңа имаммен таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы бұйрығымен Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы болып тағайындалғандығын жеткізді.
Сондай-ақ Камалжан Бекбосынұлы бұрынғы облыстың Бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек Бас мүфтидің бұйрығымен Қостанай облысы Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіне Бас имам болып тағайындалғаны туралы бұйрықты оқып берді.
Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы осы уақытқа дейін Ақтөбе қалалық мешітінің Бас имамы болып қызмет атқарған. Оның есімі еліміздегі дін саласында жүрген барша бауырларымызға жақсы таныс.
Қостанай өңіріндегі күллі мұсылман қауымы облыстың жаңа Бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қызметінде табыс тілейді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2015
4159
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру