Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» таныстырылып, аталмыш құжат мешітке келгендерге тегін таратылды. Үстіміздегі жылдың ақпан айында еліміздің тарихында тұңғыш рет республикалық имамдар форумы ұйымдастырылып, аталмыш басқосуда бірнеше маңызды құжаттар қабылданған болатын. Солардың бірі – бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағатқа танысытырлып, тегін таратылған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы».
Еліміздегі ең үлкен мешітке жиналған қалың көпшілікке «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Біз ұстанатын діни жол» тақырыбында уағыз айтып, елімізді бірлікке ұйытып, ынтымағын берік қыла түсетін діни сеніміміз жайлы ой толғады. Сауабы сансыз жұма намазын оқылып болысымен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жамағатқа аталмыш құжаттың мазмұнын таныстырып, сенім бойынша Матуриди мектебін, ал құлшылықта Ханафи мәзһабын ұстанатындығымыз жайлы айтып өтті. Арнайы бастырылып дайындалған 2 500 кітапша бүгін түгелдей мешіт жамағатына таратылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2015
3150
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру