Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе қалалық орталық мешітіне жаңа имам тағайындалды

15.11.2015 3312 0 пікір

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қалалық орталық мешітіне бас имам қызметіне тағайындалды.

Қалалық мешіт жамағатына Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков арнайы барып, облыстық мешітте наиб имам қызметін 4 жылға жуық атқарған Серікжан Еншібайұлының тыянақты қызметі мен нәтижелі жұмыстары үшін алғысын жеткізіп, көпшілік қауым алдында рахметін айтты.

Айта кетейік, аталған уақытқа дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имам қызметін Бақытбек Тәжімбет атқарған болатын.  Ақтөбе өңірінің діни ахуалының дамуы үшін аянбай қызмет атқарған Бақытбек Тәжімбет мырзаға Ақтөбе облысы жамағаты атынан ерекше ықыласпен алғыс айтып, дәстүрлі дініміздің кең қанат жайып, өркендеуі үшін  атқарған еңбектеріңізге Алла Тағала берекет берсін деп тілек айтамыз.

Сондай-ақ, Серікжан Еншібайұлын Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешіті ұжымының атынан дініміздің мәртебесін арттыру жолында атқарар әрбір ісіңізге зор сауапты нәтиже болуына тілектестік білдіре отырып, толассыз табыстар тілейміз!

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру