Шырайлы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде «Ерлердің есемі – ел есінде» тақырыбында Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында шейіт болған, полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты еске алуға арналған шарасы болып өтті.
Шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров Қазақстанның Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлының ерліктерін еске алып, марқұмның рухына құран бағыштады.
Марқұм Ғазиз Байтасов 2011 жылы 12 қарашада қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалып, үлкен ерлікпен қаза болған еді.
Марқұмның жайы жәннатта болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.11.2015
3880
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру