Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе өңірінен шыққан танымал спорт шеберлерімен кездесу өтті.
Кездесуге ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Мұхамеджан Зарлықов, қазақша күрестен екі дүркін әлем чемнионы Бақтыбай Қисықов, үздік спорт журналисті Мұсағали Тасқалиев, еркін күрестен спорт шебері, «Ербақыт» ауған соғысы ардагерлерінің әскери-спорттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев және 2015 жылғы ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекмұратов Берікқали сынды спортшыларымыз арнайы қонақ болып, жиналған студенттермен еркін ой бөлісті.
Сондай-ақ, еліміздің мерейін әлемге шарықтатып жүрген спорт майталмандары биік мақсаттарға қалай қол жеткізіп, спорт саласындағы ерекше жеңістері туралы әңгімелеп, жас буынға ерекше әсер сыйлаған сырлы сұхбат болды.
Еліміздің мақтаныштарына айналған тұлғаларымыздың бүгінгі кәсіптері мен жеңістері туралы көрсетілген видеороликтер спорт саңлақтарына деген көрерменнің ықыласын одан әрі арттыра түсті.
Жастар қауымы қонақтарға сауалдарын жолдап, алдағы уақыттарда қандай жоспарларды жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатқандықтары туралы сұрады.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ақсақалдар алқасының төрағасы Қабден Қуандық атамыз спорт шеберлері мен спорттың жас жанашырларына бата беріп, қазақтың ұлттық байрағын күллі ғалам көгінде желбіретер бұрымдылар мен атқа мінер азаматтарымыздың көп болуына тілектестік білдірді.
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» демекші, кеш қонақтарына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Қайназарұлы алғыс хат табыстап, қасиетті Құран Кәрімді тарту ете:
«Елге адал қызмет ету – отанды шынайы сүюдің дәлелі. Қай салада болмасын қызметіңмен елдің абыройы үшін еңбек етудің соңы нәтижесіз қалмайтыны анық», - деп, ізгі ниетін жеткізді.
Сонымен қатар, «Спорт жұлдызы» журналының бірнеше санына спортшыларымыздың қолтаңбасы қойылып, студенттерге таратылды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.11.2015
4247
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру