Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ұлт құндылығы - мұсылмандық» тақырыбында конференция өтті

13.11.2015 3499 0 пікір

Жыл басында өткен бірінші республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қыз-меткерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттардың басты мақсаты ел мұсылмандарын қазіргі заман талабына сәйкес жан-жақты білімді болуға, ізгілікке, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға шақыру, түрлі ағымдарға бөлінуіне жол бермеу, өзге діндер өкілдерімен бейбіт, ынтымақта тіршілік етіп, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені одан әрі нығайтуға үлес қосу болып табылатыны баршамызға белгілі.

Осы құжаттарды  ел назарына  кеңінен ұсынып, жалпыхалықтық қолданысқа түсіру, насихаттау жұмысы бірнеше мәрте жүргізіліп келген еді. Осы шараны әлі де пәрмендендіру мақсатында 12 қараша  күні Павлодар  қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың бастамасы арқылы облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлт құндылығы-мұсылмандық» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция  өтті.


Конференцияға  Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан мешітінің имамдары, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің алқа  мүшелері, еңбек ардагерлері, өңірімізге танымал зиялы қауым өкілдері, студенттер, «Әбу Бәкір Сыддық»медресесінің ұстаздары мен шәкірттері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері, сарбаздар, ауған соғысы ардагерлері, мешіт жамағаты өкілдері  жиналды. Сонымен қатар конференцияның  қонағы ретінде облыс және қалалық әкімдіктің жауапты қызметшілері, облыстық діни істер басқармасының қызметшілері  қатысты.

Сонымен қатар конференцияға қатысушылардың назарына арналып «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасынан әркездерде еліміз аумағына таралған  қасиетті Құранның оншақты түрлі тәржімалары мен тәпсірлері және ҚМДБ сараптамасынан өткен дініи кітаптар мен басылымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияны ашып сөйлеген  бас имам Н.Исенов  өз сөзінде ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстары мен игі бастамалары туралы қысқаша  атап өтіп, Ислам бейбітшілік пен татулықтың діні екенін, халқымыздың рухани өнегелік құндылықтарын бекемдей түсетінін, жалпы қазақ халқының рухани құндылықтарының басты көрсеткіштерінің бірі, әрі бірегейі мұсылмандық екендігін  конференцияға қатысушылардың назарына салды.

Өкіл имам Нариман Ермекұлы конференция күн тәртібі, талқыланатын баяндамаларды таныстырып, жүргізіп отырды.


Конференцияның күн тәртібі бойынша алдымен  «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Аманқұлов Хасан республикалық 1 имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұлғалық келбеті» қандай болуға тиіс» тақырыбында баяндама жасады.


Екібастұз қаласы мешітінің бас имамы Отарбаев Бауыржан «Қазақстан мұсылмандары Тұғырнамасы»-тәлімі мен тәрбиелік маңызы зор тарихи құжат» атты баяндамасында  жиналған қауымға форумда қабылданған аталмыш құжатты орыс тілінде толығымен түсінікті етіп баяндап берді.


Баяндамалардан соң бұрыңғы прокуротура генерал майоры  Фалеев Дмитрий Никифорович, Павлодар қалалық Ауған соғысы ардагерлері қоғамның төрағасы шарапатов Ғалымжан, шарбақты ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Канаев мойылжан Сүлейменұлы қатарлы көптеген адамдар жарыссөзге шығып аталмыш құжаттардың маңыздылығын тарқатып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мәселен, облыстық Мұсылман әйелдері Лигасының төрайымы Максилева Бақытжамал Шақанқызы өз лебізінде: «Біз әртүрлі іс-шара барысында облыс имамдарымен тұрақты бірлесіп жұмыс атқарамыз. Біздің облыста қызмет атқарып жүрген бүгінгі имамдар бәрі де білімді де білікті, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жастарға уағыз айтып, әртүрлі мәселерді түсіндіріп беріп жатқанына талай мәрте куә болдым. Бүгінгі конференцияның берері де бергені де мол болды»,-деді.

Конференция өкіл имам Нариман Ермекұлының қорытынды сөзімен өз жұмысын аяқтады. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру