Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта дін мен әйел форумы өтті

13.11.2015 3497 0 пікір

Орал облыстық қазақ драма театрында «Дін мен әйел» республикалық форумы болып өтті. Форумға мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, имамдар, көп балалы батыр аналар, қоғамдық және діни бірлестіктердің жетекшілері, оқу орындарының студенттері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Төрағалиев сөз алып, келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

«Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Осман Асылы Әлиқызы «Дін және ұлттық құндылықтар» атты баяндамасын оқыса, ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаева «Отбасы-ұлттың тірегі», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы  Барсай Бақыт Телжанқызы «Жаһандану жағдайында ұлттық және отбасылық құндылықтардың сақталуы», Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің доценті филология ғылымдарының кандидаты Темірбеков Омар Жанелұлы «Қазақ қоғамдағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін», ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтанов Тыныштықұлы «Ислам және әйел: мәртебесі, рөлі және жағдайы», «Қазақстан  Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрайымы, ақын, қоғам қайраткері Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы «Қыз –өмірдің қызғалдағы», Қазақ мемлекеттік қыдар педагогикалық университетінің жастар саясатын дамыту бөлімінің басшысы, «Қыз Жібек» клубының жетекшісі Ахтаева Маржан Бақытқызы «Қыз-ұлтты ұрпақпен жалғастыратын ұлы күш» атты баяндамалары оқылып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Әрбір баяндамадан кейін сұрақтар қойылып, тұщымды пікірлер айтылды.  Ақжайық өңірінде  «Қыз Жібек» клубының тұсаукесері кесіліп,  «Қыз Жібек» қойылымнан үзінді қойылды.

Облыстық А.Островский атындағы орыс драма театрында «Жәннат» драмалық қойылымымен өз жалғасын тапты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру