Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау энергетикалық колледжінде өткен «Рухани келісім» атты кездесуге қатысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қатысқан бұл кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы тарапынан ұйымдастырылды. Биылғы жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық» мерейтойы. Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы Есмурзина Гүлжан Мақсұтқызы кездесуді ашып, алғашқы баяндамасын жасады. Еліміздің ұлтаралық татулық жолындағы ұстанымын, қол жеткізген жетістігімізді айта келіп, өзге мемлекеттерге осы тұрғыдан үлгі болғанымызды баса назарда айтып өтті.
Өкіл имам С.Сейтбеков баяндама барысында Елбасымыздың ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтаудағы сарабдал саясатының жемісін бүкіл әлем мойындап отырғанын және ислам дінінің ынтымақ пен бірлікті қалай қолдайтынын мысалдар келтіре отырып, кездесуге қатысқандарға жеткізе білді. Исламның ешқандай «измдерге» қатысы жоқтығын баса назарда айтқан Өкіл имам жастарды дін атын жамылған ағымдардан сақ болуға шақырды.
Жиын соңында өкіл имам өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.11.2015
3252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру